Қоңыр гүлім – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қоңыр гүлім» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1220
Етің аппақ көрінер жауған қардан,
Жігіттің арманы жоқ сені алған.
Дариясында мұхиттың сіз қоңыр қаз,
Тоятқа шабыт қылған біз бір тарлан.

Қайырмасы:
А-хау! О-о-о, қоңыр гүлім, ай!
Тоятқа шабыт қылған біз бір тарлан.

Сары алтын он саусағың, маржан білек,
Құдайдан саған қос деп қылдым тілек.
Бір хабар сізден, қалқа, келгенінше,
Тағат қып тұра алмайды біздің жүрек.

Қайырмасы:
А-хау! О-о-о, қоңыр гүлім, ай,
Тағат қып тұра алмайды біздің жүрек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыр гүлім өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Қоңыр гүлім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыр гүлім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоңыр гүлім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері