Бұл бетте «Сынағыштарға» атты Ғайникамал Сәдуақасова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
"Сынағыштарға"
Мейлі мұң кеп тоқтамай тамшыласын,
Еңсемді езіп бәрі де жаншыласын.
Мен ешқашан бетімнен қайтпаймын ғой,
Алғанымша өмірдің қанжығасын.
Әсер етпес жасытар сөздерінде,
Мен қашанда өзгені көзге ілдім бе?
Кісі болып өзінше көкисіңдер,
Үлгілі жан емессіңдер өздерінде.
Бағым басым болған соң бармағымда,
Жамандаудан өзге іс қалмады ма?
Арттан сөйлеп жүрсеңдер түсінемін.
Мен өйткені тұрмын ғой алдарында!
Ақыл-ойың осыдан аспады ма?
Күйе жұқпас арыма, жақсы атыма.
Уақыт құртып, мені ойлап тоқтамаңдар,
Ал мен болсам жете берем мақсатыма!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі