Бұл бетте «Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын,
Ойлармен аунай берем, таусыламын.
Ұйқыға кетерімде сені ойладым,
Жаңбырдың естіп жатып тамшыларын...
Алдыңнан шыға алмадым үлбіреп мен,
Жанымда, жүрегімде тұрды көктем.
Күрсініп, сені ойладым, көз жасындай
Бір жұлдыз ағып түссе түнгі көктен...
Ойым жоқ сені ойлаудан басқа менің,
Не деген қатал едің, асқақ едің.
Қолыма құдірет күші ерік берсе,
Басқаша мен өмірді бастар едім...
Дәрменсіз сені ойладым босқа жүдеп,
Бір кезде жақындауға жасқанып ек.
Сүйгенім өзге адам, өзге өмір,
Соққандай көкірегімде басқа жүрек...
Дүркіреп өмір деген өтер бір күн,
Бөтен жыр, бөтен орта, бөтен күлкім.
Сені ойлап жапсам егер жанарымды,
Өз бейнең жанарымда кетер мүмкін...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі