Сені көріп айрылдым бар еріктен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сені көріп айрылдым бар еріктен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 653
Сені көріп айрылдым бар еріктен,
Сенің сөзің мұз жанымды еріткен.
Сұрау салып қыр соңыңнан қалмаспын,
Қайда барсаң, көлеңкеңдей еріп мен...
«Сұлулардан» жүрген кезде жеріп мен,
Сен кездестің өзгеше бір көрікпен.
Қайда барсаң, өзің жүрген жолменен
Бірге барам, жетім лақтай еріп мен...
Күтем сені атар таңмен, кешпенен,
Үмітімнің ұшқынысың өшпеген.
Өзің тұрмақ, өміріме мен сенің
Ер тұлғалы елесіңді ес көрем...
Аялаған бағыңда бар өз гүлің,
Айта алмаймын батып саған сөз бүгін.
Бетпе-бетте мен еңкейіп өтсем де,
Сен еңкейме, еңкейгенің ездігің...
Көз алдымда бүкіл дүние айналып,
Жұлдыз қарар, ақ айдынды айна ғып.
Қос жүректің ортақтасып сырына,
Ақша бұлтпен бетін бүркер ай барып...
Ақ самалдай көкірегіме келіп кір,
Сендік сезім гүлдеп әлі өніп тұр.
Көктем алып келеріңе сенем мен,
Алаулаған жүрек таңы болып бір...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сені көріп айрылдым бар еріктен өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сені көріп айрылдым бар еріктен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сені көріп айрылдым бар еріктен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сені көріп айрылдым бар еріктен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері