Бұл бетте «Аяғы сынған көгершінге қарап» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көрмегенге әрі ертегі, әрі аңыз,
Көк көгершін тағдырыңды аядым.
Бір көшемен қатар ақсап барамыз,
Мен сияқты... сенің де оң аяғың...
Сұрамаймын, сен де менен сұрама,
Мазаласын ой көңілге келіп көп.
Ақсап бара жатқан жоқпыз сірә да,
Бірімізге біріміз жай еліктеп.
Сүйегендей сеніменен мені үміт,
Жарық дүние арман отын жағардай.
Ойда жоқта өз тобыңнан бөлініп,
Қалдың жалғыз қанатыңды қаға алмай.
Көгершінім, қимай ұзап барамын,
Емін тапсам, сендегі бар жараның.
«Не болған», - деп аяғыңа қарадым,
Не болған, - деп аяғыма қарадың...
Тіршілікті тербегендей ояу үн,
Бәз - баяғы жоғалтпай өз бояуын.
Көгершінім, аяп саған қарадым,
Ақсатқандай арман күнім аяғын...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі