Уақыт деген қалып қалмай дүлділден –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Уақыт деген қалып қалмай дүлділден» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Уақыт деген қалып қалмай дүлділден,
Жүрегімнен жүрек соғып күн күлген.
Құлап қалсаң,
тоқтап тұра беретін,
Өмір жуас жабы емесін білдім, мен.
Кімді сүйдім, болды соның көбі ұмыт,
Жердің шеті қалғандай ма көрініп.
Шыңға шықпай,
қайтты өзіме дауысым,
Жартастағы тасқа барып соғылып.
Жер мазасыз,
қайда барып тынығам,
Суығандай бойымдағы жылы қан.
Бауырымдағы бөлтірікті қия алмай,
Қасқырдаймын тауға қарап ұлыған...
Уақытпен өлшенеді бар әнім,
Өз толқынын туғызады әр ағын.
Көк аспанға жету үшін дауысым,
Мен тереңге тамыр тартып барамын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі