Білем, сенің алыста ғой арманың –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Білем, сенің алыста ғой арманың» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Білем, сенің алыста ғой арманың,
Жетпес көңіл сарайыңа зарлы әнім.
Жүзтанысты жол үстіне қалдырып –
Ұмыта бер, ұмытшағым бәр-бәрін.
Жанарыңнан жамыраған сан шуақ,
Сезімімді шымшыласын, қамшылап.
Сағыныштың сары гүлін суғарсын,
Ғасыр жасы жүрегіңнен тамшылап...
Өткелдегі күйін кешіп ғаріптің,
Көптен бері көрмей сені зарықтым.
Ойда жоқта бір мен үшін жарқ еткен,
Жанарыңмен бірге кетер жарық күн.
Өзегімді тырналайды жел ұлып,
Өртенемін елесіңнен жеңіліп.
“Өтпелі өмір” көрген түстей бұлыңғыр –
Бұлдырасам, көз алдыңнан мені ұмыт.
Бірақ, бірақ бола алмайсың сен ұмыт...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі