Жарық дүние-ай!

Бұл бетте «Жарық дүние-ай!» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 722
Жарық дүние-ай!
Кешір мені, қадіріңді білмесем,
Өмір бердің, тірлік бердің гүлге сен.
Аспандағы күнім болып алдымнан,
Бір ашылған есігімді ілме сен.
Өзіңнің арқаң, үзілмес үміт, тірлігім,
Аманат етем, ақ таңға арман жыр гүлін.
Өмір көтерген осынау ұлы жер ана,
Қараторғайдың ұясына ұқсап тұр бүгін...
Қабылдап қатал уақыттың небір сынағын,
Жарық дүние өшірмей жағып шырағын.
Көк жүзінде келе жатыр күн көктеп,
Мейірім күткен жеріме төгіп шуағын.
Шайқай ма, деп, түн тыныштығын ұйыған,
Сескенем түрлі зұлымдықтардан зымиян.
Өмір бәйтерек, бұтағында тұрған жер атты –
Кетпесе екен өртеніп менің ұлы ұям.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарық дүние-ай! өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жарық дүние-ай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарық дүние-ай! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарық дүние-ай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері