Мекендеп шынар шың басын
Бұл бетте «Мекендеп шынар шың басын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мекендеп шынар шың басын,
Үзгендей жапырақ сырғасын.
Білмеппін мынау өмірдің
Жаз болып мәңгі тұрмасын.
Жақынмын жанға көңілі ақ,
Көңілге жетер жол ұнап.
Сайраймын, таңда туған ел,
Бұтағыңа сенің қонып ап...
Күнім бар менің қаншалық,
Жапырақтан тасқа тамшы ағып.
Осынау орман өмірге
Кетейін әнмен жан салып.
Өлгендер қайта тірілсін,
Өткен күн қайта бұрылсын.
Сағынышымның көз жасын,
Сарғайған гүлдер сімірсін.
Сайрайтын арман күн бүгін,
Ауырлап қайтем жыр жүгін.
Тисе екен барып сезімге,
Тамшыға ұқсап сырлы үнім.
Дерттіні әнмен емдеппін,
Әніме шығар шөлдеп күн.
Саңқылдап көкте қырандай,
Жарқылдау үшін келмеппін...
Жаныма титтей жоқ дауа,
Ортақ боп жақын, жатқа да.
Келіппін мынау өмірге –
Ән салу үшін тек қана,
Тамсану үшін тек қана...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі