Елерсің... мүмкін тіпті елемссің –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Елерсің... мүмкін тіпті елемссің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Елерсің... мүмкін тіпті елемссің,
Күн сайын іштей түлеп, келеді өскім.
Шырқап бір ұшам десем, аспаным бар,
Шет-шегі дүниенің Сен емессің.
Ақиқат, бір «аллаға» жақын қонған,
Сақтасын сау басымды сатылғаннан.
Аулақтап, «пайдасыз» деп көзге ілмейсің,
Адамды «әкім» емес, ақын болған.
Емессің әнге құштар, жырға құмар,
Мінезді әр уақыттың ырғағы бар.
Саған да домаланған кезек келер,
Қоңыздай, «тезегіңмен» бірге құлар...
Енді жоқ алып-ұшқан баяғы күн,
Есемін оңашада ой ағынын.
Баянсыз, кімге опа берер дейсің,
Басы тау, бұл өмірдің аяғы-құм...
Мойынын уақыт жоқ бұрып қарар,
Өмірден, өмір өніп рухтанар.
Жағынып, өз асына, қожасына,
Танымай ит «ұлыға» үріп қалар.
Шет-шегі дүниенің Сен емессің...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі