Кешір, ана – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Кешір, ана» атты Қанипа Бұғыбаева жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1974
Кімдер кетіп, бұл өмірге кім келеді,
Тірі жүрмін, өткеріп не күндерді.
Кешір мені, қайран ана, басыңа,
Құламайтын қоймаппын-ау бір белгі?
Таныс аспан, тас төбемнен тұр төніп,
Топырағыңа көз жасынан жыр төгіп.
Тағдырыңа риза болып жатырсың,
Туған жердің бір төбесін бүркеніп.
Кешіре гөр, айналайын ақылшым,
Тірлігіме тірілерден жақынсың.
Араласып абысынмен кешегі,
Өлгенде де көрші болып жатырсың.
Кешір мені, өз жаныңа кеш келем,
Көкірегімнен сәби сезім өшпеген.
Бейуақытта алам ба деп мазаңды,
Анам, сенің әруағыңнан сескенем.
Арманыңның бұзбай берік арнасын,
Өмірде бір иілмеген өр басың.
Ақ сүтіңді ақтай алмай , еңсемді,
Басып жерге тұрады бір қорғасын.
Күңіренбеші, көрмедік деп күн көзін,
Өмір сүрдің меніменен бірге өзің.
Шаршап, талып саған сапар шегермін,
Сағыныштың сыңсытып бір күмбезін.
Кешір анам, есіме алсам өткенді,
Өкпелеме, деп басымда жоқ белгі.
Искегің кеп, менен туған сәбиді,
Құшағыңа ап жатқаныңа көп болды.
Көкірегіңнен көрсем деймін көктемді.
Кімдер кетіп, кімдер келіп үлгерді,
Өзің жатқан жерден көрдім гүлдерді.
Кешір ана қойылатын басыңа,
Тозбайтұғын мен шығармын бір белгі,
Маздайтұғын жырым шығар бір белгі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешір, ана өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Кешір, ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешір, ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кешір, ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері