Жанботаға тағы бір айтқаны

Бұл бетте «Жанботаға тағы бір айтқаны» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3085
Бұрынғының биіндей би қалмады,
Бүгінгінің биінде ми қалмады.
Хатым — құран болмаса молдалардан,
Өлікке тамнан басқа сый қалмады.
Бұрынғының билері тамам болды,
Ендігінің билері жаман болды.
Арғымақтың аяғын арқан шалып,
Есек озып бәйге алған заман болды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері