Елегізу – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Елегізу» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 593
Тереземде «мені үз» деп гүл тұр әні,
Тартынады, бір сезім ұмтылады.
Жолы болмай, күйген көп, әлдекімнен
Беті қайтқан жүрегім бұлқынады...
Жан-жүректе жаңғырар сөзі мәңгі,
Көздерімде сыр толы көзі қалды.
Үн шығармай ішімнен ыңылдаймын,
Жастық шақтың куәсі нәзік әнді...
Көз алдымда көздері тұрып алды ,
Айтылмаған сол көздің сыры барды.
Жетем деп бір жетпеген арман болып,
Жазылмаған жүректе жыры қалды.
Жандыра алмай үміттің сан шақпағын,
Тұйықталып, қызықтан алшақтадым.
Күңгірт тартқан көңілдің сарайына
Таң сәулесі созғандай саусақтарын.
Барады уақыт сарғайтып, жыр бағымды,
Баяулатып бас бермес ырғағымды.
Сезер ме екен, сүйгізбей, көп күйгізген –
Жастық дәурен жасқанып тұрғанымды.
Ақ айдынға ақ аспан үзген арай,
Ақ сәулесін кеш түссе қызғанады ай.
Өкінішпен жүрегім өткен күнді,
Көктем күнді жоқтаумен сыздағаны-ай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елегізу өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Елегізу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елегізу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елегізу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері