Құлағында ай сырғаң дір-дір етіп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Құлағында ай сырғаң дір-дір етіп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 636
Құлағында ай сырғаң дір-дір етіп,
Қарар екен, кім саған үлбіретіп.
Жігіт болсам, бағымда сайратар ем,
Еркелетіп, ұшырып, бұбұл етіп...
Құс қауырсын сезімін дір-дір етіп,
Жүр едің сен, кетті екен кім жүдетіп?
Ай-сырғаңа шағылып аспандағы ай,
Ай жүзіңді тұрғандай түн жыр етіп.
Қара түнге ұқсап бір қара шашың,
Орманында ойлардың адасасың.
Жаулағандай шашың түн, сырғаң ай боп,
Сұлулықтың көрсетіп «тамашасын».
Сынай қарап, сыңаймен өкпелеген,
Келе жатыр көңілден көктеп өлең.
Айлы түндер құбылтып ай сырғаңды
Сиқырлы қыз, алыстап кетпе менен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлағында ай сырғаң дір-дір етіп өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Құлағында ай сырғаң дір-дір етіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлағында ай сырғаң дір-дір етіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлағында ай сырғаң дір-дір етіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері