Жер бетін шықшы күнім бақылып бар – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жер бетін шықшы күнім бақылып бар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 609
Жер бетін шықшы күнім бақылып бар,
(Қойнында атылмаған жатыр оқтар)
Аспаннан көптен бері тамшы күтіп,
Жайып тұр алақанын жапырақтар.
Гүлдерім күнге көзін баяу ашқан,
Тағдыр жел, тонар көркін аямастан.
Қапыда жастық шағы өтіп кетіп,
Аңсаған көктем айын әйел аспан.
Құс сайрап, көктегендей көктеп өңір,
Көйлегін шешкен шығар Көктөбе бір.
Көзіме көшкен бұлттай көлбеңдейді
Қайрылмай өткен күнге өткен өмір!
Қабатын дүниенің ақтарамыз,
Ақтарып, сор табамыз бақ табамыз.
Ішіне түскен құрттай табиғаттың –
Таласып жер алмасын жеп барамыз...
Ойламай табиғаттан өзге асылды,
Ойлаппын ұрпақты емес, өз басымды.
Шөлдеп бір қолын жайған жапырақтарға –
Жаңбыр ғып, құйсам ба екен, көз жасымды?..
Білгенге өмір деген байтақ алаң,
Бір-бірін көктем ғұмыр қайталаған.
Жарық күн қасиетті жер анадан,
Мен қалай алғанымды қайтара алам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер бетін шықшы күнім бақылып бар өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жер бетін шықшы күнім бақылып бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер бетін шықшы күнім бақылып бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жер бетін шықшы күнім бақылып бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері