Алмасуда қуанышпен бір мұңым – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Алмасуда қуанышпен бір мұңым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 607
Алмасуда қуанышпен бір мұңым,
Мұңсыз менің жеңіл тартар тірлігім.
Жапырақ жаяр мынау жарық өмірге
Жүрегімде бүршіктенген жыр гүлім.
Асқар-таулар, күн қабағын тұр бағып,
Түн көгіне алтын айды сырға ғып.
Бара жатыр менің арман-қиялым,
Уақыттың толқынымен бірге ағып.
Мен мәңгілік шексіздікке құмармын,
Көз алдымды торлап, жауып тұман мұң.
Өмір атты бәйтеректен қай күні –
Жапырақтай жерге жылап құлармын?
Нар тәуекел! Неге болсын шыдармын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алмасуда қуанышпен бір мұңым өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Алмасуда қуанышпен бір мұңым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алмасуда қуанышпен бір мұңым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алмасуда қуанышпен бір мұңым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері