Жедел жәрдем

Бұл бетте «Жедел жәрдем» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 2155
Жарық шашқан маңдайында алау бар,
Айқайлайды түн ұйқысын қашырып.
Жол беріңдер, жол беріңдер адамдар,
Жедел жәрдем келе жатыр асығып.
Аман атқан әрбір таң ғой жаңалық,
Қауіп-қатер толы мынау ғаламда.
Өмір алып келеді, ол ауа алып,
Ауыр тыныс алып жатқан адамға.
Жанарларға үрей, үміт қамалып,
Жанталасар, санаулы сәт қалғанда.
Жүрекке бір келеді ыстық қан алып,
Тіршіліктің тамырларын жалғауға.
Арман еткен аналардың «ғасыры» ек,
Қадамына үмітпенен қараған.
Мына өмірде болмас еді қасірет,
Жедел жәрдем бола білсе, әр адам.
Ғұмыр – жұлдыз, мекен жайын сұрама,
Алмасатын уақыт қой, сор, бақыт.
Жедел жәрдем, тезірек жет, бір ана,
Бір өмірге жатқан шығар толғатып...
Сағат–жүрек соғар тынбай кеудеңде,
Бір жүрекке бағынышты тағдырың.
Жедел жәрдем керек екен емдеуге,
Жараланған табиғаттың барлығын.
Күн – жүрекке ауа жетпей, алқынған,
Солып бара жатқандай бір жер–алма.
Жедел жәрдем керек, көзі сарқылған,
Ауруы бір Балқашпенен Аралға!
Жер оқтардан жоқ қой әлі тазарған,
Жеткізуге адамға жыр – сәулемді.
Жедел жәрдем керек, апат, ажалдан,
Қорғап қалу үшін бейбіт – әлемді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жедел жәрдем өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жедел жәрдем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жедел жәрдем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жедел жәрдем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері