Әсемдікке бодым пенде

Бұл бетте «Әсемдікке бодым пенде» атты Шот-Аман Уәлиханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Үлбіреген нәзік жаным,
Арқалаған сезімді.
Көп нәрсеге алданамын,
Ұстай алмай өзімді.
Күй тыңдасам күмбірлеген,
Көзден жасым ағады.
Таңдандыра би билеген,
Мені билей алады.
Қас жүйрігі қылқаламның
Тұрса ғажап сурет сап,
Жүрегімді ұрлатамын,
Тамашаға ұйып қап.
Тамылжыған әсем әуен,
Жанға ләззәт береді.
Тап сол кезде көңілім кең,
Табылып бар керегі.
Сөз маржанын тізсе біреу,
Ақса таза бұлақ боп,
Дегеніне көнем дереу,
Қалсам дағы тулақ боп.
Шыным осы – күш жоқ менде,
Өзімді өзім меңгерер.
Әсемдікке бодым пенде,
Мінезім жоқ өзгерер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әсемдікке бодым пенде өлеңінің авторы кім?

Шот-Аман Уәлиханов — осы өлеңнің авторы.

Әсемдікке бодым пенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әсемдікке бодым пенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шот-Аман Уәлиханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әсемдікке бодым пенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері