Сиқырлы сәт

Бұл бетте «Сиқырлы сәт» атты Шот-Аман Уәлиханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ұйқыдан кеттім оянып,
Көңілім баппен тербелді.
Айналам нұрға боянып,
Жаным бір жақсы күйге енді.
Шабыттың мініп тұлпарын,
Алысқа шаптым, самғадым.
Ауаның жұтып жұпарын,
Есімде рахаттанғаным.
Қаптады ойлар селдетті,
Бірінен кетті бірі асып.
Табиғат талмай әндетті,
Менімен терең сырласып.
Сыймадым, жерге қуанып,
Балқытып бойды, сыр тұрды.
Сезімге нәзік оранып
Сиқырлы сұлу жыр туды.
Ұйқыдан кеттім оянып,
Көңілім баппен тербелді.
Айналам нұрға боянып,
Жаным бір жақсы күйге енді.
Шабыттың мініп тұлпарын,
Алысқа шаптым, самғадым.
Ауаның жұтып жұпарын,
Есімде рахаттанғаным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сиқырлы сәт өлеңінің авторы кім?

Шот-Аман Уәлиханов — осы өлеңнің авторы.

Сиқырлы сәт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сиқырлы сәт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шот-Аман Уәлиханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сиқырлы сәт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері