Өтті, кетті, елес күнім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өтті, кетті, елес күнім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 726
Өтті, кетті, елес күнім,
Өмірім ерлік емес бүгін.
Кеш түсіндім, ештеңенің,
Мәңгілік, шын еместігін...
* * *
Өңімді болжап,түсімнен білем,
Көзіме сәуле түсірген кім ең?
Көңілдің күйін ұстатпай жанға,
Ішімнен жылап, ішімнен күлем.
* * *
Жүгеніңе тірлік таласып жүрмін,
Қиялмен жарап, таң асып жүрмін.
Ертеңге барар жол таба алмай,
Ақ тұманда адасып жүрмін.
* * *
Естіледі құлағыма бір әуен,
Сол әуенге ғашықпын ау сірә, мен.
Қалғып кеткен қаламымды оятып,
Шақырғандай шабытымды жыр әлем,
Әлдеқайдан естіледі бір әуен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері