Дерт – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Дерт» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1259
Жүректің дерті тілімде,
Өлсем де сайрап өлемін.
Жоқтаса болды түбінде,
Ғашығым мені – өлеңім!
Шөп салмадың көзіме,
Болсаң да сиқыр өлеңім;
Уайым жеңген кезінде,
Уанып сенен келемін!
Шараптай балдан жасалған,
Дерттің ұзақ жасы игі;
Шертіп күй «Қосбасар»-дан,
Шарапсыз көңілім тасиды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері