Ұл тілейді құдайдан жылап қазақ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұл тілейді құдайдан жылап қазақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 584
Ұл тілейді құдайдан жылап қазақ,
Ұлсыз қалса тұрғандай күтіп тозақ.
Қатыгездік, мейірім тайталас тұр,
Жеңіп шығар қайсысы бақ пен азап.
Көріп жүрміз бұл күнде талайларды,
Бақыт қонып ұлдыға арайланды
Дей алар кім... жетеді ұл да, қыз да
Балшықша илеп аяқпен жүрген арды.
Мына қоғамға Алла тек берсін бейіл,
Қызда ұят көбейсін, ұлда мейір.
Тайталаста жеңсін де иба, ынсап
Сан себептер жоғалсын ұлға кейір.

17.07.2003 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері