Қайтсем де

Бұл бетте «Қайтсем де» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2621
Ұнады ма алғашқы қадамдарым,
Ақтілеу тіледіңдер маған бәрің.
Талабыма өздерің тай мінгізген,
Айналайын, аулымның адамдары!
Тегеуріні, төзімі көпке шыдар,
Бір қарысқа жүз жылда өскен шынар.
Жеміс теріп бақшамнан жегізгенше,
Мүмкін, біраз жыл зулап өткен шығар.
Жиі-жиі түсіме енесіңдер,
Үсті-үстіне ақ бата бересіңдер.
Айлық жерге aт қосқан атбегідей,
Менен үміт әлі үзбей келесіңдер.
Азаматпын! Түсінем парызымды,
(Жүйрігіңнің енді-енді қаны қызды).
Сенім деген қарыз ғой - келемін мен,
Қайтарам деп, қайтсем де қарызымды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайтсем де өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Қайтсем де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайтсем де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайтсем де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері