Бұл бетте «Жанады үміт, сөнеді» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанады үміт, сөнеді,
Сөнген жүректі тыңдар кім?
Өзімді тапқым келеді,
Құрбаны болған жылдардың.
Сұрапыл, тентек ой-дауыл,
Дауылға төтеп, шақ тұрам.
Сайраған жолым қайда бұл,
Айналам менің ақ тұман.
Өмірге келдім, гүлдендім,
Уақыттан басқа жоқ куәм.
Ағыстарына күндердің –
Айымды тас қып лақтырам.
Жолбарыс ойлар атылып,
Шулайды сезім,жыр қамыс.
Айғайлайтындай шақырып,
Ішімнен бұлдыр бір дауыс...
Бітпейтін шықтым жолға алыс,
Бұлдыр алдым, бұлдыр шың.
Оянған жаннан, ол дауыс,
Балалығым ба, кім білсін?
Тазалығым ба кім білсін?...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі