Қайда, қайда? Сезімнің от бораны –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Қайда, қайда? Сезімнің от бораны» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайда, қайда? Сезімнің от бораны,
От бораны жастықтың тоқтамады.
Атқан таң, батқан кешпен, өткен күндер,
Өмірімді біртіндеп жеп барады...
Терек бопты бір кезгі шоқ тал әні,
(Оған да әлі айбалта оқталады)
Алаңында тірліктің талас –тартыс,
Қайшылықтың өтуде көкпары әлі.
Тыншымайды көңілім күй тілеген,
Бола алмаспын бақытты ұйқыменен.
Ескі жұртын қия алмай қайта соқты,
Жан-жүректі жаулаған сиқыр өлең.
Пысықтардың пысқырмай өсегіне,
Ене алмадым ешкімнің «есебіне»,
Айтып, айтпай не керек, қас-қағымда,
Айналады бүгінің кешегіге...
Білмеппін-ау, қадірін ештеңенің,
Көштен қалып, тағы қай көшке еремін?
Құстар қайтып барады, жылы жаққа,
Қос қанаты білдіріп «хош» дегенін.
Білмеппін-ау, қадірін ештеңенің!...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі