Мен сені күтіп, іздедім
Бұл бетте «Мен сені күтіп, іздедім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен сені күтіп, іздедім,
Келер деп бірге көктеммен.
Үміттің жібін үзбедім,
Жылдарым жылжып өткенмен.
Аударып уақыт парағын,
Шығардым мінез, түрлі әдет.
Аспанға ұзақ қарадым,
Жұлдыз боп жанып тұрма деп.
Бұлақтың шашын тарадым,
Жанымды сырлы жыр бөлеп.
Жолдарға ұзақ қарадым,
Жете алмай маған жүр ме деп.
Жете алмай жолда қалдың ба,
Сағыныш жасы, жан кесем.
Өкпелеп қайтем, тағдырға,
Толқынында өмір әлде, сен
Жартастай қатып қалдың ба?
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі