Көздеріңнен ұшқын түсті, өртендім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көздеріңнен ұшқын түсті, өртендім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 622
Көздеріңнен ұшқын түсті, өртендім,
Оңашада ес жия алмай дерт емдім.
Қос қанатым болса, ұшып жетер ем,
Болжай алмай не боларын ертеңнің.
Көңілімді жұбата алмас мұңды өлең,
Мұңды қалай жеткізермін тілменен.
Жайып салып қан жылаған жүректі,
Жалынамын, «көмектес» деп кімге мен?
Жүректегі жеңілдейді жүк қашан,
(Дәрменсіз жан не істей алар ұқпасаң)
Мен өлермін...
көздеріңнің ішінен –
Бір тамшыдай жас боп сыртқа шықпасам...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері