Егерде

Бұл бетте «Егерде» атты Абдрахман Асылбек жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1375
Айуандар арақ ішсе не етер еді? –
Түбіне татулықтың жетер еді.
«Балапан басымен» боп тым-тырақай,
Дүние шыр айналып кетер еді.
Маймылдар «ча-ча»-лап билер еді.
Байғұздар кундіз ұшып, күйрер еді.
Ал, пілдер кезіккенін тапап өтіп,
Табанда саз балшыққа илер еді.
Аюлар ақырынып тұрар еді,
Тау менен тасқа басын ұрар еді.
Балықтар қалқып шығып су бетіне,
Құс біткен көк төсінен құлар еді.
Қояндар кетер еді батыр болып,
Есектер кетер еді ақын болып.
Түлкілер ойнар еді түлен түртіп,
Азулы арыстанмен жақын болып.
Қабандар бірін-бірі жарар еді,
Қасқырлар бірін-бірі қабар еді.
Көзіне қан құйылып, құтырынып,
Ит біткен иелерін талар еді.
Адамдар ішпесе егер не етер еді? –
Тату боп бір-бірімен өтер еді.
Құлпыртып дүниені қалауынша,
Ойлаған бар мақсатқа жетер еді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Егерде өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Егерде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Егерде өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Егерде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері