Сен дегенде кешеді ойым қан-майдан
Бұл бетте «Сен дегенде кешеді ойым қан-майдан» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен дегенде кешеді ойым қан-майдан,
Не болса да, көрем бәрін маңдайдан.
«Мәңгүрттенсем», махаббатысз, сезімсіз,
Мына өмірде болар дейсің қандай мән?
Сусып, ұшып күн парақтай жыртылған,
Сені ойласам, сезімімнен жыр туған.
Сене көрме, отын жағып өсектің,
Тағдыр ашып жүрсе әлдекім сыртымнан.
Бара қалсам... құшағыңды жай, жұбат,
Бұйырады қай сұлудан қай жұмақ?
Сен өзіңді сезінбессің бақытты,
Қара түннен қарап тұрса ай жылап...
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі