Ойға батып... батпадың тек, күнәға –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Ойға батып... батпадың тек, күнәға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойға батып... батпадың тек, күнәға,
Көк аспандай көңілде кек тұра ма?
Адамдағы мейірім жер бетінен –
Бірге көшіп өзіңмен кетті ме, аға?
Егіз емен... сырласқан егіз бақыт,
Көкірегіңді ауыртты көп із батып.
«Кеңсайды» бір келтіріп тәубасына,
Тау басына қалғандай теңіз қатып.
Айта алмаймын, бейнеңді бейнелеп мен,
Тағдырым не бұйырар, сөйлеп өктем.
Мөлдір теңіз, толқыған сол бір теңіз,
Жаңбыр болып жауады кейде көктен.
Тұрып қаппын... «жартастай» жағадағы,
Толқын қуып толқынды ағады әлі.
Жылылықпен маңдайын теңіз сүйген
Шағалалар қанатын қағады әні,
Тазалықты аңсаумен ағадағы...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі