Сезіміме сеуіп сәуле таң үміт
Бұл бетте «Сезіміме сеуіп сәуле таң үміт» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сезіміме сеуіп сәуле таң үміт,
Жарық аспан жасырады арлы айды.
Келмедің ғой... күтуден көп жалығып,
Жасыл тауым сағынышпен сарғайды.
Шырқап көкке, шыға алам ба енді өрге,
Көлеңкелі өтті сырғып жастық шақ.
Келдім қайдан? Барам қайтып сол жерге,
Құзға қарай құлаған бір тасқа ұқсап.
Кім ғашық боп, саған өлең арнайды,
Тамшы сұрап көк аспанға қол жайдым.
Жасыл дүние күтуменен сарғайды,
Сарғайдым...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі