Алды, ақыры аңдып көптен
Бұл бетте «Алды, ақыры аңдып көптен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алды, ақыры аңдып көптен,
Қара жерге жан салды жыр.
Көзін ашып қалғып кеткен,
Ақын жүрегі раушан-ғұмыр.
Мәңгілік жоқ... сеземін мен,
Мүлік жима, құрап бекер.
Дүниеге жан кезегімен,
Жылап келіп, жылап кетер.
Көгімнен тұр бақылап күн,
Жер дегенің сөз ошағы.
Орнына ұшқан жапырақтың,
Өзге жапырақ көз ашады...
Қамалғанда қалам мұңға,
Жаным дауыл, аңсар дүбір.
Жүрегімнен таң алдында,
Көз ашады раушан-ғұмыр...
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі