Бұл бетте «Күн тұрғанда басымда» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн тұрғанда басымда,
Күн қадірін білмеппін.
Дос тұрғанда қасымда,
Дос қадірін білмеппін.
Бақ тұрғанда басымда,
Бақтың құнын білмеппін.
Білмей күліп жасымда,
Аты озғанды күндеппін.
Су тұрғанда алдымда,
Су қадірін білмеппін.
Сусындап үміт жаңбырға,
Жасарып, іштей гүлдеппін.
Жастық шақтың басымнан,
Тез өтерін білмеппін.
Таңның гүлі ашылған –
Көз екенін білмеппін.
Қайран менің мас күнім,
Қадірін кеш танытқан.
Төрге өте алмай жастығым,
Сығалайды жабықтан.
Барады уақыт қайда алып,
Күн батқанын білмеппін.
Бақыттан бас айналып,
Ажалға есік ілмеппін,
білмеппін...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі