Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім,
Күйген ерін... біртүрлі күйге енемін.
Сыртыңнан ғашық болып, кездескенде,
Көзіңе қарай алмай, именемін.
Үзбеймін, үмітімді үзбе десең,
Көктем боп қарсы аламын күзде келсең.
Соңыңнан шырақ алып іздемеймін,
Астыңа тұлпар мініп іздемесең.
Өтінем, име маған өр басыңды,
Торғайың салмақ қалай торға шыңды?
Оңаша өзіңді ойлап өртенемін,
Балқытып кеудемдегі қорғасынды...
Жанымды жанарыңмен билеп едің,
Жалынға көбелектей күйген едім.
Сезімді дір-дір еткен сездіруге,
Бата алмай, қысыламын, именемін.
Оятса, шырт ұйқыдан шымшып кінәм,
Жел сүйген ақ қайыңдай сыңсып тұрам.
Десе де, «ғашық болу қылмыс емес»,
Кеудеме жүректі үнсіз тұншықтырам.
Жел сүйген ақ қайыңдай сыңсып тұрам...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі