Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын.
Көп адасып, өзіңді тапқандаймын.
«Сенен өзге ешкімді сүймедім» деп,
Ант ішпеймін, алдыңда ақталмаймын.
Өршіткендей төзімнің өртін бір шың,
Қыл ішегін сезімнің шертіп жүрсің.
Жүрегімнің жалынын сатып саған,
Жалынбаймын, жанбасаң еркің білсін.
Таң алдында татып ап тұнған удан,
Жанып-күйіп жалықтым жынданудан.
Сүйе алам ба, басымды матап, байлап,
Махаббатқа қорықпай құл болудан.
Өткенді ойлап, оңаша толғанамын,
«Өмір өзен» арнасы толған ағын.
Көзім менің мілінер көкжиекке,
Батар күннің сіміріп соңғы алауын....
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі