Қабағын өмір түйеді көп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қабағын өмір түйеді көп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 594
Қабағын өмір түйеді көп,
Дегендей-ақ кім күшті екен.
Өсектейді ол, «сүйеді» деп,
Сүю, сонша қылмыс па екен?.
Жаным нәзік, тілегі көп,
Сезімге еріп, алдана ма?
«Жылап, неге күледі» деп,
Жазалайтын заң бола ма?.
Қаяу алмай ақ көңілге,
Қиялдаймын қия қонсаң.
Қас-қағымдай сәттеріңе,
Арманым не, ие болсам.
Сағынышым, сөніп қалма,
Арман солай, шөлдетеді.
Қосылмай-ақ жолыққанда,
Сүйсең солай, сол жетеді.
Көрген түстей ол да өтеді...
Мені өзгеге ұқсатпағын,
Өртемесін у ішімді.
Құдай кешсін, құшақтағын,
Қыннан суырып қылышыңды.
Аш, тарылған тынысымды.
Қоңыр тауға қоңыр күймен кім келді,
Келгеніме болар осы жыр белгі.
Саған деген қызыл өрттей сезімім,
Қызыл итпен бірге өлді.
Өлгендерге жүрмейді ешбір билігің,
Үнсіз бәрін жіберген соң жер теңеп.
Сол қызыл ит...
бұлғаңдатып құйрығын,
Енді алдымнан шыға қоймас еркелеп.
Ит жүрегін жырлады ғой сан ақын,
Күзет қойып күндіз демей, түн демей.
Сол итке ұқсап, үрмей қарсы алатын,
Нені айтайын, мен өзіңе үндемей?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қабағын өмір түйеді көп өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қабағын өмір түйеді көп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қабағын өмір түйеді көп өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қабағын өмір түйеді көп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері