Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы
Бұл бетте «Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ағын судай көңілдің жоқ тұрағы,
Сезім толқып ішіме кеп тұнады.
Көздерімді көзіңе қаратқызбай,
Ыстық жалын сен жақтан бетке ұрады.
Не күткенім, белгісіз... елікпеді,
Жаным жетім жаралы елікпе еді?
Жақындатты аспанға алақаның,
Айға қарай ұшырғың келіп мені.
Сәтсіздігін өмірдің біле тұрып,
Көздеріме қарайсың сыр ұқтырып.
Баяны жоқ жыладым, бақытымның –
Өтпелі сәтекенін біле тұрып...
Құпиямды өзіңе кім ұқтырсын,
Сезіміңе жібек тор үміт құрсын.
Мен ұйқыға кеткенде,
кешігіп кеп,
Жүрегімнің қақпасын ұрып тұрсың...
Ашпасымды асығып біліп тұрсың.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі