Қиялымнан тартқандай көкпар ағын

Бұл бетте «Қиялымнан тартқандай көкпар ағын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 528
Қиялымнан тартқандай көкпар ағын,
Ақтарамын, таулардың көк парағын.
Сағымданған дарияның құшағына,
Шомылғым кеп, үздігіп көп қарадым.
Кімді ойлаттың, тағдырым кімді аңсаттың,
Дәурені өткен, көбелек қуған шақтың.
Кірпігінен үзіліп Сара қыздың,
Жерге түскен мөлдіреп мұң, моншақпын.
Елестейді елес бала күннің,
Пенде болып мен неге жаратылдым?
Таусылғаны-ай, бойдағы тағатымның,
Жоқтығына қайғырып қанатымның.
Тіршіліктен тілеймін енді нені,
Көзің неткен сырлы еді, мөлдір еді?
Толқып тұр ем, басыңа көтеріп сен,
Күнге қарай ұшырғың келді мені.
Қабағымнан жанымды қарап, танып,
Қазынасын жатқандай тау ақтарып.
Ауылымнан шыққанда қанатсыз ем,
Бауырыңнан барамын қанаттанып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиялымнан тартқандай көкпар ағын өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қиялымнан тартқандай көкпар ағын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиялымнан тартқандай көкпар ағын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиялымнан тартқандай көкпар ағын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері