Көретұғын көзімді күннен алғам – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көретұғын көзімді күннен алғам» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 669
Көретұғын көзімді күннен алғам,
Жарық дүние кімге шын, кімге жалған?
Топырағым, туған ел, туған анам,
Жүрегімде мүсіні тұлғаланған.
Көлден алған екенмін сезімді мен,
Таң алдында толқындай көзімді ілем.
Көзімді ілсем, қалармын «жұмбақ» болып,
Өйткені, тек өзімді, өзім білем.
Өзге емес, өзімді өзім білем,
Өзімді айтып, өзіме сезіндірем.
Көтеретін бәрін де не болса да,
Жерден алған шығармын төзімді мен.
Көзімді ілсем, жерге ұқсап көзімді ілем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көретұғын көзімді күннен алғам өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көретұғын көзімді күннен алғам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көретұғын көзімді күннен алғам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көретұғын көзімді күннен алғам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері