Көретұғын көзімді күннен алғам –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Көретұғын көзімді күннен алғам» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көретұғын көзімді күннен алғам,
Жарық дүние кімге шын, кімге жалған?
Топырағым, туған ел, туған анам,
Жүрегімде мүсіні тұлғаланған.
Көлден алған екенмін сезімді мен,
Таң алдында толқындай көзімді ілем.
Көзімді ілсем, қалармын «жұмбақ» болып,
Өйткені, тек өзімді, өзім білем.
Өзге емес, өзімді өзім білем,
Өзімді айтып, өзіме сезіндірем.
Көтеретін бәрін де не болса да,
Жерден алған шығармын төзімді мен.
Көзімді ілсем, жерге ұқсап көзімді ілем...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі