Орын жоқ, жайсыз болсам, маған жайлы – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Орын жоқ, жайсыз болсам, маған жайлы» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Орын жоқ, жайсыз болсам, маған жайлы,
Суық жан, ыстық жерді таба алмайды.
Егерде жан дүнием қара болса,
Ақ жаулық салғанмен ол ағармайды...
* * *
Ортақ аспан, жер бесікте тербелем,
Көрмесінші, көре тұрып, көрмеген.
Мына өмірге туамын деп қыз болып,
Тумай тұрып, құдайға арыз бермеп ем...
* * *
Мұз еріді... сел боп талай су ақты,
Талайыма тағдыр тасын жиі атты.
Ғұмыр кештім, сыңсып суық айдында,
Сынық қанат, сыңар аққу сияқты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орын жоқ, жайсыз болсам, маған жайлы өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Орын жоқ, жайсыз болсам, маған жайлы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орын жоқ, жайсыз болсам, маған жайлы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орын жоқ, жайсыз болсам, маған жайлы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері