Біле алмадым, жүргеніңді кімді іздеп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Біле алмадым, жүргеніңді кімді іздеп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 884
Біле алмадым, жүргеніңді кімді іздеп,
Аспан мен жер, біртұтас бір денедей.
Көк аспанға көп қарайсың жұлдыз деп,
Сол жұлдыздан туған қызды елемей.
Көзге ілмегін, махабатты мендегі,
Мезгіл демін сездірмеген кедейлік.
Бұл өмірге көзімді ашып келегелі,
Өзектіден көріп келем өгейлік.
Кімді күтем, елегізіп, елеңдеп,
Сүтке ұқсатам қылаулаған түн шығын.
Жамыралым, маңырадым емем деп,
Тас бауырдан қайтып, қатты тұмсығым.
Содан ба екен, тұяқтыдан жасқанам,
Тереземді терезеге еш теңемей.
Жердегілер бөледі ылғи, аспанның
Жалғызы деп ойлай ма екен мені өгей...
Ішке тартып, сыртқа тепкен өзің ең,
Үмітіңнен үрейленіп қорқасың.
Сезінген соң өгейлікті көз ілем,
Жалғыздықтың жастанып бір жартасын.
Табиғатпен туыстас бір денемін,
Су-сәулеге жүре алмаймын шөлдемей.
Жалғыз жұлдыз жарқырасын деп едім,
Қараған соң, жер де өгей, сен де өгей.
Жарқыраған күн емес қой ай теңі,
Ай жаңғырып, өзгеретін кез келер.
Жаратылыс жалғыз қалмай қайтеді,
Өгейлікпен қарап тұрса өзгелер.
Болмысты сол, жүректегі көз көрер.
Мінезі бар әрбір күнмен әр айдың,
Неге өмірден бекер кетем, бекер кеп,
Мен аспанның жұлдызына қараймын,
Жетімсіреп қарап тұр ма екен деп...
Танымасам, кімдер мені танымақ,
Жел көтеріп теңіздің ақ көбігін.
Жұлдызды аспан бауырына жамырап,
Шапқылаған жетім қозы-ау көңілім.
Енесіз бір қозыдаймын, аш қалған,
Мазаны алып, маңыраған өлеңі.
Мейірімге шөлдегенде, аспаннан –
Сүт сәулелі жұлдызды емгім келеді...

Біле алмадым, жүргеніңді кімді іздеп,
Аспан мен жер, біртұтас бір денедей.
Көк аспанға көп қарайсың жұлдыз деп,
Сол жұлдыздан туған қызды елемей.
Көзге ілмегін, махабатты мендегі,
Мезгіл демін сездірмеген кедейлік.
Бұл өмірге көзімді ашып келегелі,
Өзектіден көріп келем өгейлік.
Кімді күтем, елегізіп, елеңдеп,
Сүтке ұқсатам қылаулаған түн шығын.
Жамыралым, маңырадым емем деп,
Тас бауырдан қайтып, қатты тұмсығым.
Содан ба екен, тұяқтыдан жасқанам,
Тереземді терезеге еш теңемей.
Жердегілер бөледі ылғи, аспанның
Жалғызы деп ойлай ма екен мені өгей...
Ішке тартып, сыртқа тепкен өзің ең,
Үмітіңнен үрейленіп қорқасың.
Сезінген соң өгейлікті көз ілем,
Жалғыздықтың жастанып бір жартасын.
Табиғатпен туыстас бір денемін,
Су-сәулеге жүре алмаймын шөлдемей.
Жалғыз жұлдыз жарқырасын деп едім,
Қараған соң, жер де өгей, сен де өгей.
Жарқыраған күн емес қой ай теңі,
Ай жаңғырып, өзгеретін кез келер.
Жаратылыс жалғыз қалмай қайтеді,
Өгейлікпен қарап тұрса өзгелер.
Болмысты сол, жүректегі көз көрер.
Мінезі бар әрбір күнмен әр айдың,
Неге өмірден бекер кетем, бекер кеп,
Мен аспанның жұлдызына қараймын,
Жетімсіреп қарап тұр ма екен деп...
Танымасам, кімдер мені танымақ,
Жел көтеріп теңіздің ақ көбігін.
Жұлдызды аспан бауырына жамырап,
Шапқылаған жетім қозы-ау көңілім.
Енесіз бір қозыдаймын, аш қалған,
Мазаны алып, маңыраған өлеңі.
Мейірімге шөлдегенде, аспаннан –
Сүт сәулелі жұлдызды емгім келеді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біле алмадым, жүргеніңді кімді іздеп өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Біле алмадым, жүргеніңді кімді іздеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біле алмадым, жүргеніңді кімді іздеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біле алмадым, жүргеніңді кімді іздеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері