Қылығына сырттай налып
Бұл бетте «Қылығына сырттай налып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қылығына сырттай налып,
«Сұлуыңа» сене көрме.
Аймалар ма ем, бұлтқа айналып,
Шыңға айналсаң сен егерде.
Сенсіз тар ғой аспан маған,
Аспан ашқын осы жерден.
Гүл болсам, жат басқа ауладан,
Аулаңа әкеп көшірер ме ең?
Шалдықтым ғой «дертке» ойланбай,
Нені ойлағын...
кешірем мен.
Тұрған кезде өртке айналмай,
Шоқты іштегі өшірер ме ең?
Жел соқса, бас иетін шынар,
Кім білген, үміт алдайтынын.
Қаиетті қасіретім шығар,
Сені ұмыта алмайтыным...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі