Өлең, жыр, ақындар

Құс жолы

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 859
Нені алып, не береді келер күн,
Жұлдыз санап, қиялдауға шебермін.
Көрінеді аспандағы құс жолы
Түнде жазған жолындай боп өлеңнің.
Биіктерде бар сияқты бір екпін,
Бір екпінмен алыс қарап, дір еттім.
Сызылған сол аппақ арман, құс жолы –
Жолдарына ұқсайды екен жүректің.
Әлде қиял жарқылы ма ұзарған,
Әлде, күннің жалқыны ма қызарған?
Таңғы аспанға тастап жібек белбеуін
Құс жолымен қалқыды ма, қыз арман?..
Тірліктің көп ұмытып той, дүрмегін,
Оңаша ойдан үміт отын үрледім.
Көптен бері көңілдердің көгіне
Құс жолын бір тартқым келіп жүр менің.
Сезінемін даралығын әр айдың,
Алаулаған жолағындай арайдың.
Құстың жолы сағыныштың жолындай
Көк-аспанға көзімді алмай қараймын.
Елегізем, жоғымды іздеп тапқандай,
Көк қойнына құлап ұшқан ақ таңдай.
Сусылдаған қанаттары құстардың
Күміс көпір тартып бара жатқандай.
Арманменен айналуда түске өңім,
(Құс жолымен бірге ілесіп ұш, көңіл)
Бір-біріне жетпей қалған ғашықтар
Тартып бара жатыр көкке құс жолын.
Күн күркіреп, түнермесін ай налып,
Жатпасын жер қабағына қайғы алып.
Атом емес, ақ жолақты аспаным
Тұрсын бейбіт құс жолына айналып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әудемжер

  • 0
  • 0

Кім сонда, осы әуенді қалықтатты,
Мәңгілік құлағымда қалып қапты.
Үстінен өмір көпір, өтіп жатқан –
Уақыт соны айтудан жалықпапты.

Толық

Өлмес өмір, өзіңді сүйгендіктен жыр еттім

  • 0
  • 0

Өлмес өмір, өзіңді сүйгендіктен жыр еттім,
Тұрар дейсің мәңгілік көк аспанды тіреп кім/
“Жер анадай” жатқан бір табандардың астында,
Аяғы жоқ... тілі жоқ дүрсілдеген жүрекпін.

Толық

Тұнжыр ой, тұман, тұнжыр күн

  • 0
  • 0

Тұнжыр ой, тұман, тұнжыр күн,
Еңсемді басып езеді.
Тұманнан туған бұл жырдың,
Көрінбес көзге өзегі.

Толық