Қатарымнан қалмаспын – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Қатарымнан қалмаспын» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2308
Абай айтқан - қартайғанда мол қайғың,
Мен де өзімше толғанамын, толғаймын.
Сұңқар болып саңқылдауға шамам жоқ,
Үнім баяу, шырылындай торғайдың.
Сондадағы тілеп тұрам жарысты,
Aт жалында қолым талай қарысты.
Құшағыма сыйған емес кеңістік,
Көре алмадым көз жетпеген алысты.
Шіркін жылдар өтіп жатыр кезекпен,
Басты өкініш - жастық дәурен тез өткен.
Ұмтылыстан ұмтылысым көп болды,
Caп, caп, көңілім, ол жайлы енді сөз етпен.
Сезіліп тұр кәріліктің салқыны,
Басылып тұр асау ойлар қарқыны.
Бірақ. Бірақ. Қатарымнан қалмаспын,
Өмірі ұзақ өлең жазу арқылы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қатарымнан қалмаспын өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Қатарымнан қалмаспын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қатарымнан қалмаспын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қатарымнан қалмаспын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері