Бұл бетте «Талпына алмай» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүзім қайтып тасқа шапқан қылыштай,
Жамырайды ойым ойға жұғыспай.
Құлағыма шыңылдайды бір әуен,
Шыңыраудың түбіндегі дыбыстай.
Пәруәрдігер аяп бүгін пәрменін,
Құрып отыр барша қуатдәрменім.
Шырылдайтын менің қызғыш құсым боп,
Осындайда бір жанашыр бар ма едің?
Жабыққанда жанарына жас келген,
Ақындардың азабын кім ескерген?
Уа, құдірет, қанат берсең, мен тұр ғой,
Көтеріліп кетпес пе еді тас жерден.
Талпына алмай болдым, міне, мүсәпір,
Қанаттасым, қараңды үзбей ұша тұр!
Не болғаным шабыт деген шайхы кеп,
Көмейіме тастамаса мүсәтір?!.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі