Ақ жүзімде... Тұр таңбалы бар мұңым –
Қанипа Бұғыбаева
Бұл бетте «Ақ жүзімде... Тұр таңбалы бар мұңым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ жүзімде... Тұр таңбалы бар мұңым,
/Мінезіме айналғандай арлы ұғым./
Жамандайтын... Жол тауып «ол» әйтеуір,
Мен ұнатқан жігіттердің барлығын...
Өмір-теңіз... жүздім болып «ақ балық»,
Сырымды сол, сыртқа қайтем, ақтарып?
Көзім түскен жігіттердің бәрі де,
Кетті асығып... о дүниеге аттанып.
Алдансам мен, сұлулыққа алдандым,
Жалғандығын білмей, мынау жалғанның.
Ескерткіштей, сол күндерді еске алып
Өшкен шоқтай орынында Мен қалдым.
Өткен уақыт... оттарымды тонаған,
Қайда ұшсаң да... арман құсым, бол аман.
Нені сезіп, нені білді? бұл күнде,
Сені маған жамандайды «Сол адам»...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі