Бұл бетте «Ақ әлем» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ әлем...
Асқар таулар түрегеп тұр,
Тауларға табынғандай, жүрелеп қыр.
Аспанға шығып алып Әлия әжем,
Ақ қардан отырғандай ұн елеп бір...
Белгілі болар болмас елге есімім,
Ішіне жасырар кей «пенде» сырын.
Тұрсам тақ, табаныма таймайтұғын,
Құласам, бөлеп, тербер жер-бесігім.
Таңғы ұйқы, тәтті, сәтті таңғы өлеңдей,
Көңілге ой салады әлденендей.
Үндемей ұн елеп тұр аппақ әжем,
«Ақ қардан нан ашытып ал», - дегендей...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі