Болады ертең тас та құм – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Болады ертең тас та құм» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 643
Болады ертең тас та құм,
Болады ертең күн қандай?
Өмір дегенің қас-қағым,
Көзіңді ашып-жұмғандай...
Арманнан туып бір арман,
Ер-аспан жерге тұр төніп.
Ұялып жүзді, ай ... тұманнан -
Бетіне перде бүркеніп.
Ғарышта құпия бір сыр бар,
Алыста - а - а, жұлдыз өшпеген.
Күзетіп жерді тұр шыңдар,
Бабамдай белін шешпеген.
Аунайды нұрын ай жанып -
Шетіне таудай кеменің.
Найзағайлардан найза алып,
Жорытып бір кетсем деп едім.
Көңілім дария, тұнық көл,
Келмейді түндей, түнергім.
Көзімді ашып үмітпен,
Үмітпен кірпік ілермін...
Мақтасын, мейлі, даттасын,
Жүрекке жалын, от керек.
Дүние-сарай, қақпасын -
Жаппайын “жұртқа” өкпелеп...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері