Туған жерден шыққан жолдай таралып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Туған жерден шыққан жолдай таралып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 594
Туған жерден шыққан жолдай таралып,
Оңаша ойдан отырамын нәр алып.
Маған анам “доп домалақ болып сен –
Кіндігіңе тудың, - дейтін оралып”...
Періштедей перзентіңді аяулы ел,
Аналардың жүрегіндей аяй гөр.
Тарс байланған аяғым мен қолымды
Әрең жазып алған көрші әйелдер.
Өмір кейде күдікпенен, күмәндай,
“Ғажайыпты” көрді дейсің кім ондай?
Ойға кетем табиғаттың ұсынған,
Не жұмбағы екенін бұл, біле алмай.
Жарық дүние, сыйлапты өмір, ата-анам,
Ата-анама құс жолымен жете алам.
Туу алысқа туған жерден кете алмай,
Кіндігіме оралғандай, маталам.
Матауымды үзіп шығып не табам?...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жерден шыққан жолдай таралып өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Туған жерден шыққан жолдай таралып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жерден шыққан жолдай таралып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған жерден шыққан жолдай таралып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері